Cабақтың тақырыбы: Тік, сүйір және доғал бұрыштар
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды тік, сүйір және доғал бұрыштарымен
таныстыру.
2. Ойлау, есте сақтау
қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
3.
Оқушыларды әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
Сабақтың
типі: интерактивті, ақпараттандыру сабағы
Сабаққа
керекті көрнекіліктер: ноутбук, маркерлік
тақта, маркер, дидактикалық материалдар
мен ойындар, музыка
Сабақтың
барысы:
І.
Психологиялық дайындық
Ал, кәнекей, балалар,
Бері қарай қарайық.
Қажет құрал, кітапты,
Алдымызға алайық.
Алаңдамай басқаға,
Сабаққа назар салайық.
Дұрыс есеп шешімін,
Мұқиятпен табайық.